11 маусым 2016 21:55

Баян Есентаеваны ұрып-соғу ісінде жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаеваны ұрып-соғу ісінде жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талғар аудандық ІІБ басшысы Асқар Шайхинге сілтеме жасап.


Баян Есентаеваны ұрып-соғу ісінде жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талғар аудандық ІІБ басшысы Асқар Шайхинге сілтеме жасап.

Оқиға 10 маусымда болған, Баян Есентаева күйеуімен және тағы бір туысымен үйіне қайтып бара жатқан. Жол бойында тұрмыстық жанжал шығып, ер адам Есентаеваның ішіне өткір затпен дене жарақатын салған. Осыдан кейін Есентаева ауруханаға жеткізілген, алайда оны кімнің жеткізгені белгісіз. 

Оқиғадан кейін Бақытбек Есентаев қан құрамында алкогольдің бар-жоғын анықтау мақсатында медициналық куәландырудан өткізілген. Оның қорытындысы бойынша, ол орта деңгейде мас болыпты. Ол 72 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді сот оған қандай бұлтартпау шарасының таңдалатынын шешеді.

ІІД мәліметінше, бұл дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети