14 қараша 2016 17:52

Баян Есентаеваның адвокаты сот үкіміне қатысты шағым түсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаеваның адвокаты 18 қарашаға дейін Бақытбек Есентаевқа қатысты шыққан сот үкіміне шағым түсіреді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Баян Есентаеваның адвокаты Марат Асқарбеков хабарлады.


Баян Есентаеваның адвокаты 18 қарашаға дейін Бақытбек Есентаевқа қатысты шыққан сот үкіміне шағым түсіреді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Баян Есентаеваның адвокаты Марат Асқарбеков хабарлады.

"Соттың үкімі заңсыз. Бұл іс алқабилерімен қаралса да, заңбұзушылық бар. Бұл үшін судья жауап береді. Оның қылмысқа оқталуына қатысты дәлелдердің болмауына байланысты бұл шешім заңсыз, - деді Асқарбеков. - Бұл туралы сотталушы Бақытбек Есентаев та айтқан болатын. Сондықтан да біз соттың бұл үкімі бойынша облыстық сотқа шағым түсіреміз, бізге жұмаға дейін уақыт берілді", - деді Есентаеваның адвокаты.

Сонымен қатар, продюсердің адвокаты Бақытбек Есентаевтың адвокатының сотқа шағым түсіргені жайлы білетінін айтты. Алматы облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер де Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітовтен апелляциялық шағымның түскенін растады. 

Айта кетейік, 3 қарашада белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйлеген болатын. Осыдан кейін сот үкімін шығарды. Сотталушы "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Есентаевтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеген еді. "Біз апелляциялық шағым түсірмекшіміз, үкім негізсіз деп есептейміз (...) Ол дене жарақатын салды, адам өлтіруге оқталған жоқ, біз осыны дәлелдейміз", - деген еді Бекболат Жексейітов.

Еске сала кетейік, 10 маусымда Баян Мақсатқызы Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Талғар аудандық ІІБ Бақытбек Есентаев екі айға қамауға алды, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети