Байбек Instagram желісіндегі әкімдік парақшасының пайдасы жөнінде айтты

24 Ақпан 2016, 10:49
0
Байбек Instagram желісіндегі әкімдік парақшасының пайдасы жөнінде айтты - Akimat_almaty/Instagram.com
Akimat_almaty/Instagram.com

Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі әкімдік парақшасының пайдасы жөнінде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала басшысы әкімдік парақшасына қазірдің өзінде 56 мыңнан аса адамның жазылғанын мәлімдеді.

"Мәселенің түйінін Instagram-нан бірден байқауға болады. Бұл қала проблемаларын шешуге арналған тиімді алаң. Біз суреттер арқылы нақты жауаптар беріп отырамыз. Азаматтардың белсенділігі арқасында Шангрила мейрамханасы маңындағы ағаштардың қиратылуы мәселесі шешілді. Қоғам пікірінен кейін Шангрила жабылды. Дұрыс емес нәрселерді істеуге болмайтынын бәріне көрсету керек. Мысалға әл-Фараби даңғылы бойындағы Жанармай құю бекетін немесе Луганский бойындағы ғимаратты алуға болады. Азаматтардан сұрарым, егер бірдеңе көрсеңіздер, Әкімдікке жіберіңіздер, біз оны қабылдаймыз!", - деді Байбек.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай