16 сәуір 2018 12:07

Байбек Алматы-1 теміржол вокзалын аралап көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданының аулалары мен көшелерін абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді, сонымен қатар "Алматы-1" теміржол вокзалы мен оның айналасын аралап көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданының аулалары мен көшелерін абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді, сонымен қатар "Алматы-1" теміржол вокзалы мен оның айналасын аралап көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мегаполис басшысы аталған аудан қаладағы бұрынғы елді мекендердің бірі әрі мұндағылардың басым бөлігі жеке скетор екенін, сондықтан заманауи стандарттардың барлығына жауап беретін жаңа орталық қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

"Жүргіншілер үшін жайлы жағдай тек қала орталығында ғана болуы тиіс емес.Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында біз тұрғындар үшін көшелер мен аулаларды, жүргінші кеңістіктерін жаңартып, жасыл желекті кеңейтеміз, парктер мен скверлерді тартымды етеміз. Жүргіншілер жүретін тротуарларды басып қалған заңсыз құрылыстарды анықтау үшін жеке жұмыстар жүруде", - деді аралау кезінде Бауыржан Байбек.

Мысалы, жыл аяғына дейін Түрксіб ауданында жөнделген 80 ауладан өзге тағы да 50 аула жаңарады.Модернизация аясында жарық көздері ауыстырылады, спорт және бала алаңдары пайда болады, жолдар жөнделеді.

Биылғы жылы екі жер асты жолы күрделі жөнделеді және тоғыз көше жаңарады. Ержанов көшесінің шығысын және Тынышбаев көшесінің оңтүстігін алып жатқан "Детский- Балалар" саябағындағы балалар және спорт алаңдары кеңейеді, жасыл желек қоры ұлғайып, суару жүйесі орнатылады. Бұлардан өзге, Сауранбаев көшесі бойында жүргінші аймағын жасау қарастырылған.

Қала басшысы "Алматы-1" теміржол вокзалында болғанда оған айналаны жаңарту,вокзалды күрделі жөндеуден өткізу және перрондарды кеңейту туралы баяндалды. Бауыржан Байбек қала қызметтеріне жүргіншілерге қиындық туғызбау үшін вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастыру сызбасын қайта қарауды, вокзал маңындағыы сквер мен оның айналасын абаттандыруды тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети