18 қыркүйек 2015 10:03

Байбек бес ағашты кесіп тастаған мейрамханаға 50 жаңа ағаш отырғызуды міндеттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы санитарлық тазалық пен абаттандыру жағдайын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тексеріс кезінде ол қаладағы құлайын деп тұрған ағаштарды кесу жұмыстарымен танысты.

"Алматы жасыл қала. Ағаштарды заңсыз кескендерге жазаны қатаңдату керек, яғни орнына ағаш отырғызу керек. Сонымен қатар, қоғамдық бақылауды да күшейткен жөн", - деді Байбек. Ол ағаштарды кесіпь тастаған Shangrila мейрамханасын да мысалға алды. Ол мейрамхана кесілген бес ағаштың орнына жапырақты елу ағаш отырғызу керектігін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Facebook әлеуметтік желісінде белсенділер халықты Алматы орталығында орналасқан Shangrila мейрамханасына байкот жариялауға шақырған болатын. Олар ғимарат иелерін ағаштарды кескені үшін айыптады. Кейін әкімдіктегілер мейрамханаға 100 мың теңге айыппұл салынатынын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети