09 қараша 2017 13:22

Байбек: Қала кеңейіп, тыныс алу жеңіл бола түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың қоқыстан тазарғаны және көзге көрінерліктей кеңейгені жайлы айтты,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың қоқыстан тазарғаны және көзге көрінерліктей кеңейгені жайлы айтты,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз жаяу жүргіншілер үшін сапалы инфрақұрылымды қалыптастырамыз. Қаладағы заңсыз орнатылған конструкцияларды қоқыстан тазартамыз. Көптеген адамдар Алматының кеңейгенін және онда кең тыныстауға мүмкіндік пайда болғанын айтады. Қоршауларды алып тастап, жолдарды кеңейтіп жатырмыз, керек емес дүңгіршектерді жойдық, барахолканы реконструкцияладық. Қала көркейіп қалды, қоқыстан тазарды", - деді әкім ОКҚ брифингінде. 

Сонымен қатар, Байбек "Қоршаусыз қала" бағдарламасы жайлы, яғни 100 шақырымдай қоршаулардың алынып тасталғаны жайлы айтты. 

"Бұл дегеніміз Қапшағайға барып қайтатын жолмен тең. Олардың орнына біз бұталы қоршау ектік. (...) Психологтардың айтуынша, кез келген қоршау былай дейді: "Бұл жерде саған орын жоқ. Сенің осында кіруіңе ақшаң жетпейді. Міне, күзет, бұл жерден кет". Ал оның орнында бұталар тұрса - бұл адамдарды шақырады. Олардың демалуына септігін тигізеді, жақсы емес пе? Осының арқасында қала көгалдандырылды, ыңғайлы болды", - деді қала басшысы. 

Оның айтуынша, қылмыстан қоршау құтқармайды. Бүкіл әлемде бұл мәселені құқық қорғау органдары мен бейне бақылау камералары атқарады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети