16 қыркүйек 2015 17:51

Байбек коммуналдық қызмет ақысын төлемегендердің есімі ақпарат құралдарында жарияланатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда коммуналдық қызметтің ақысын төлемегендердің есімі ақпарат құралдарында жарияланатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бауыржан Байбек бұл туралы қаладағы электрмен және жылумен қамтамасыз ететін нысандардың дайындығын тексеру барысында айтты.

Оның айтуынша, коммуналдық қызметтің ақысын төлемегендердің аты-жөні ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін оларды іздеу әкімшілік-соттық тәртіппен жүргізіледі. "Бұл қала шаруашылығын жылыту маусымына дайындау жұмыстарының кешені аясында жүзеге асырылады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазір қалада коммуналдық қызмет үшін төленбеген қарыз көлемі 3,2 миллиард теңгеге жетіп отыр. Жыл басынан бері 658,2 миллион теңгені өндіру үшін 624 адамға іздеу жарияланды, олардың 327-сі талапты орындап, олардан 142,7 миллион теңге өндірілді.

Электрмен және жылумен қамтамасыз ететін нысандардың дайындығын тексеру барысында Байбек Әуезов ауданында орналасқан "Орбита" қазандығында да болды. Үш жылдан бері тұрған қазандық жылдың соңына дейін қайта пайдалануға берілуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети