13 шілде 2015 20:30

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Қазанғап Талғат Қазанғап

Инвестиция және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл орынға төраға орынбасары болған Талғат Қазанғап келіп отыр.

Жаңа басшыны ұжымға инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев таныстырды. 2014 жылдың қазан айынан бастап Талғат Қазанғап ведомствоның Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасының орынбасары қызметінде болған.

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Қаржы және құқықтық қамтамасыздандыру департаментінің құқықтық және құжат қамтамасыздандыру басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, ол Байланыс және ақпараттандыру департаментінің директорының орынбасары болды.

Айта кетейік, Комитет төрағасы қызметінде осыған дейін Сәкен Сәрсенов болды. 2015 жылдың маусым айында ол инвестиция және даму жөніндегі вице-министр болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети