Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Байланыс және ақпарат агенттігі құрылды

07 Наурыз 2014, 17:33
0
Фото ©Владимир Дмитриев
Фото ©Владимир Дмитриев
Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде Байланыс және ақпарат агенттігі құрылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлық

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде құрылып, оған:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы;

2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінен ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мыналарды:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетін;

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетін;

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетін таратуды;

2) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді;

3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі;»;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі.».

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай