07 наурыз 2014 20:06

Байланыс және ақпарат агенттігін Асқар Жұмғалиев басқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байланыс және ақпарат агенттігін  Асқар Жұмағалиев басқарады. ©pm.kz Байланыс және ақпарат агенттігін Асқар Жұмағалиев басқарады. ©pm.kz

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің басшысы болып Асқар Жұмағалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үкімет басшысы Серік Ахметов Көлік және коммуникация министрлігінің және Байланыс және ақпарат агенттігінің ұжымына жаңа басшыларын таныстырды. Жаңа агенттік Елбасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" жарлығы аясында құрылды. Бұл мекеме орталық атқарушы орган ретінде құрылып отыр, және ол Үкімет құрамына кірмейді. Оған байланыс саласы, ақпараттандыру, автоматтандырылған мемлекеттік қызметті қадағалау және Көлік және коммуникация министрлігінің халыққа қызмет көрсету қызметін үйлестіру, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігінің мұрағат ісі және құжаттандыру жұмысы жүктеліп отыр. Осыған сәйкес ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет министрлігі болып қайта құрылды. Асқар Жұмағалиев бұған дейін "Жарық" ЖШС-нің Бас директоры, байланыс саласында Мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеттің төрағасы болып қызмет атқарған. Одан бөлек ҚР Байланыс және ақпараттандыру агенттігі құрылған кезде төрағаның орынбасары, 2006 жылы қаңтардың 27-і күні ҚР БАА төрағасы болып тағайындалған. Ал 2006 жылдан 2010 жылдың наурыз айына дейін "Қазақтелеком"АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды. Мемлекет Басшысының 2010 жылы наурыздың 12-і күнгі Жарлығымен ҚР байланыс және ақпарат министрі қызметінін атқарса, ал 2012 жылы ол көлік және коммуникация министрі болды. Жұмағалиев бұл қызметтен ауысқанда оның орнына Жеңіс Қасымбек отырды. Асқар Жұмағалиев байланыс және ақпарат министрі болып тұрған шақта сандық спутниктік және эфирлік телевизиясы, 3G қызметі, астанада медиаорталық салынып, 24 KZ телеарнасының тұжырымдамасы жасалды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарын автоматтандыру және жетілдіру ісі жүзеге асты

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети