Базаркүл Сыздықова: Латын тіліне көшу - өзімізде барды өзгелерге таныта білу

12 Қыркүйек 2017, 19:25
0
Базаркүл Сыздықова: Латын тіліне көшу - өзімізде барды өзгелерге таныта білу -

"Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы" ММ-нің директоры Базаркүл Сыздықова латын қарпіне өту бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыздықованың айтуынша, жастар қолданатын компьютер тілі латын тіліне негізделген.

"Тіл халықпен бірге туып, халықпен бірге жасампаз болады. Ал тілдің қай таңбада жазылуы оның әмбебап және қолжетімді болуына әсері мол. Жаңа инновациялық дәстүрлердің дамуы латын тіліне тәуелді. Себебі әлемдік тілдерді және қазіргі жастар қолданатын компьютер тілін алып қарасақ, латын тіліне негізделген. Ұлы Өркениет көші тоқтап қалмақ емес. Ол сағат сайын емес, минут сайын қарыштап дамып келеді. Оны оқу, тану тілмен байланысты", - дейді ол. 


"Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы" ММ-нің директоры Базаркүл Сыздықова

Сонымен қатар, қазақ тілінің латын таңбасына көшуі де сол өркениеттің бір тегершігі болып, Ұлт мәдениетінде бар құндылықтарды әлемдік құндылықтар қатарына қосу. "Сондықтан біз үшін латын тіліне көшу - Әлемдік даму көшінен қалмай, өзімізде барды өзгелерге таныта білу деп білемін", - деп пікір білдірді "Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы" ММ-нің директоры.

Еске салайық, кеше, 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өткен еді. Сол тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай