30 тамыз 2016 14:43

Bek Air әуе компаниясындағылар Батуми мен Сочиден қайта алмай отырған туристерді отанына жеткізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батуми әуежайы Батуми әуежайы

Bek Air әуе компаниясының ұшағы Батуми мен Сочиден қайта алмай отырған қазақстандық туристерді отанына жеткізіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне компанияның бас директоры Сырым Омаржанов хабарлады.


Bek Air әуе компаниясының ұшағы Батуми мен Сочиден қайта алмай отырған қазақстандық туристерді отанына жеткізіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне компанияның бас директоры Сырым Омаржанов хабарлады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта онда 300-ден аса турист бар. Сонымен қатар, ұшақтың үш рейс жасайтыны айтылады. 

"Біздің ұшақ Батумиден ұшты. Бірнеше сағаттан соң Атырауға, кейіннен Қарағандыға ұшып келеді. Сосын экипаж ауыстырылып, ұшақ Батумиден Сочиге ұшады. Онда күтіп отырған 50 турист Астанаға жеткізіледі. Барлығы үш рейс болады. Туристерді Ақтөбеге де жеткіземіз. 300-ге жуық адам осы уақытқа дейін отанына қайта алмай отырды", - деді Сырым Омаржанов.

Айта кетейік, осыған дейін Грузияда 140 қазақстандық туристің отанына қайта алмай отырғаны хабарланған болатын. Skybus әуекомпаниясы өкілдерінің айтуынша, ұшақты тексеру қажеттілігі туындағандықтан әуе рейсі кешігіп жатыр. Олардың мәліметінше, қазіргі уақытта Батумидан Атырауға, Астанаға және Қарағандыға 140 турист рейсті күтіп отыр.

Ал кейінірек ҚР СІМ Грузиядан қайта алмай отырған туристерге қатысты түсінік берген еді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Tengrinews.kz тілшісіне мәмілегерлердің қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады. "Елшілік бұл жағдайды бақылап отыр. Азаматтарға қажетті барлық көмекті көрсетуге дайын", - деген еді Әнуар Жайнақов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети