Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Bek Air басшысы апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты түсінік берді 27 наурыз 2016, 11:36

Оқиға бүгін, 27 наурызда болған еді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Bek Air әуе компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов алдыңғы шассисіз қонған ұшаққа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шасси толықтай ашылмай қалды. Ұшақты шассисіз қондыру жөнінде шешім қабылданды. Ұшақтың артқы шассиі ортаға қойылып, қонды. Әуежай бұл кезде қону алаңын көбікпен жапты. Ұшақ 30 метрдей жерге өтіп барып тоқтады, зақым минималды. Ұшақтың командирі Виктор Родин - жарады, барлығын дұрыс істеді", - деді әуе компаниясының басшысы.

Жұмасұлтановтың айтуынша, оқиғаның себебі анықталады. "Ешкім зардап шеккен жоқ. Командирдің әрекеті дұрыс. Ұшақ қонды", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағының Астана әуежайында апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын. Ұшақ алдыңғы шассисіз қонған. Оқиға сағат 10.30-да болды. Айта кетейік, апатты жағдайға байланысты әуежай жұмысын сағат 13.00-ге дейін тоқтатты.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram