29 желтоқсан 2019 14:16

Bek Air ұшағы апаты: Зардап шеккендерге қандай сақтандыру төлемдері жасалады?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Әліхан Сариев Сурет: Tengrinews.kz/Әліхан Сариев

Сақтандыру компаниясы Bek Air ұшағының құлауы салдарынан зардап шеккендерге қандай төлемдер берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сақтандыру компаниясы Bek Air ұшағының құлауы салдарынан зардап шеккендерге қандай төлемдер берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сақтандыру компаниясы "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" заңына сәйкес денсаулығына зиян келген жолаушылар, сондай-ақ қаза тапқан адамдардың асырауындағы зардап шеккендерге сақтандыру төлемдері берілетінін мәлімдеді. 

Жұма күні апатқа түскен Fokker 100 ұшағының сақтандырушысы "Amanat" компаниясының мәлімдеуінше, төлемдер авиакомпания мен жәбірленушілерден құжаттарды алған уақыттан бастап жеті жұмыс күні аралығында жүзеге асырылады.

"Қазақстан заңнамасы бойынша жарақат алған немесе денсаулығына өзге де зақым келген жолаушылар емделуге жұмсалған нақты шығын көлемін алады, ол 200 АЕК-ге дейін (530 200 теңгеге дейін, 1 АЕК 2651 теңге) барады. Ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан жолаушы мүгедек болып қалса, 2 500 - 5 000 АЕК аралығында (6 миллион 627 500 теңгеден 13 миллион 255 мың теңгеге дейін) төлемдер жүргізіледі, бұл мүгедектік тобына байланысты. Жолаушының өлімі үшін 5 000 АЕК (13 миллион 255 мың теңге) көлемінде төлем қарастырылған", - деп хабарлады компания өкілі.

Сондай-ақ, сақтандыру компаниясы жерлеуге жауапты адамға 100 АЕК (265 мың теңге) көлемінде өтемақы берілетінін атап өтті. Төлем мөлшерін есептеу үшін сақтандыру күні белгіленген АЕК пайдаланылады. Сұрақтар туындаған жағдайда 7310 бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз.

Еске салсақ, Bek Air ұшақ 27 желтоқсанда Алматы облысында апатқа ұшырады. Салдарынан 12 адам қаза тапты, бортта 93 жолаушы болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети