28 желтоқсан 2019 12:09

Bek Air ұшағының қара жәшігі Мәскеуге жіберіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет әлеуметтік желіден Сурет әлеуметтік желіден

Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының қара жәшігін оқу үшін Мәскеуге жібереді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кеше вице-премьер Роман Скляр мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасымен сөйлесті. Бүгін кешке, 18.40-та Мәскеуден Алматыға сарапшы келеді. Жедел-тергеу тобы жұмыс істейді, борттан өздігінен жазатын аппарат алынды. Ертең біз қара жәшікті оқу үшін мемлекетаралық авиация комитетіне, Мәскеу қаласына жібереміз. Дүйсенбіден бастап жұмыс басталады", - деді Камалиев Нұр-Сұлтан қаласындағы ОКҚ брифингінде.

27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының ұшағы № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсін орындау кезінде апатқа ұшыраған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталған, өрт шыққан жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети