Bek Air ұшақты қондырған пилоттарды мемлекеттік сыйлыққа ұсынады

27 Наурыз 2016, 13:11
0
Bek Air ұшақты қондырған пилоттарды мемлекеттік сыйлыққа ұсынады - © Қайсар Жұмабайұлы
© Қайсар Жұмабайұлы

Bek Air әуе компаниясы алдыңғы шассисіз ұшақты қондырған борт экипажын сыйлыққа ұсынбақшы. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне Bek Air әуе компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов хабарлады.

"Біз командир мен екінші пилотты үкіметтік сыйлыққа ұсынбақшымыз. Командир - Виктор Родин, екінші пилот - Вадим Смеречанский", - деді Жұмасұлтанов.

Соңғы мәліметтер бойынша, Астана әуежайы сағат 14.00-ге дейін жабық, ұшып кетуі тиіс сегіз рейс кешіктірілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағының Астана әуежайында апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын. Ұшақ алдыңғы шассисіз қонған. Оқиға сағат 10.30-да болды. Айта кетейік, апатты жағдайға байланысты әуежай жұмысын сағат 13.00-ге дейін тоқтатты. Сонымен қатар, Bek Air басшысы апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты түсінік берді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай