11 маусым 2016 10:42

Беларусь және Татарстан президенттері Ақтөбедегі терактіге байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Беларусь және Татарстан президенттері Ақтөбедегі терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Беларусь және Татарстан президенттері Ақтөбедегі терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконың көңіл айту жеделхатында Беларусь елінің Ақтөбедегі әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындарды қазаға ұшыратқан террористік акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны аталып өткен.

"Беларусь терроризмнің кез келген көрінісіне ымырасыз қарсы тұру ісінде достас Қазақстанмен әркез ынтымақтастықта болады", - делінген хатта.

Лукашенко Қазақстан Президентіне, қаза болғандардың отбасы мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Елбасының атына Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановтан да көңіл айту жеделхаты келіп түсті. Минниханов Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақтөбеде болған қайғылы оқиғаларға байланысты шын ниетпен көңіл айтты.

"Адамдарды қазаға ұшыратқан қатігез экстремистік шабуыл біздің зығырданымызды қайнатты. Қылмыскерлер табылып, заңды жазасын алады деп сенеміз. Қаза болғандардың жақындарына қайғысына ортақтасып, шын ниетпен қолдайтынымызды, аяусыз қылмыс кезінде зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімізді  жеткізуді өтінеміз" - делінген жеделхатта.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети