Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Беларусь Қазақстанға төрт қылмыскерді ұстап берді

03 Маусым 2015, 10:21
0
© maykop.pro
© maykop.pro

Беларусь Қазақстанға төрт қылмыскерді ұстап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, республикамыздың аумағында қылмыс жасаған Қазақстанның үш азаматы Игорь Сычев, Дарья Флорис, Кристина Вебер мен Түркия азаматы Неби Байрамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға ұстап беру туралы ҚР Бас прокуратурасының өтініші Беларусь Республикасының Бас прокуратурасымен қанағаттандырылды.

Айта кетейік, Флорис пен Вебер бірнеше рет және аса ірі көлемде жасалған алаяқтық үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарымен іздеуде болды. Ал Сычев қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, қылмысты қудалау органдарынан жасырынды, Байрам ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін және бірнеше рет аса ірі көлемде ҰҚТ құрамында экономикалық контрабанда жасағаны үшін іздеуде болды.

"Биыл қаңтар айында олардың барлығы беларусь қызметімен ұсталды. Екі елдің Бас прокуратуралары арасындағы нақты қойылған жұмыс пен орнықтырылған өзара әрекеттестіктің нәтижесінде олардың Қазақстанға берілуі туралы шешім қабылданды", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Іздеудегі адамдар бүгін Беларусь Республикасынан Қазақстанға экстрадицияланды және Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай