05 мамыр 2015 11:32

Белгілі альпинист Орал Үсенов Алматыда жерленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстандық белгілі альпинист Орал Үсенов 86 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Спортшы 4 мамырда Алматыда жерленді.


Қазақстандық белгілі альпинист Орал Үсенов 86 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Спортшы 4 мамырда Алматыда жерленді.

"Біз бірнеше рет кездестік. Ол қазақ альпинизмінің аңызы (...) Кеше біз Орал Үсеновті ақтық сапарға шығарып салдық. Оның артында ұлы қалды", - деді альпинст Мақсұт Жұмаев.

Айта кетейік, Үсенов 1955 жылы Жеңіс шыңына экспедицияға шыққан 12 адамның ішіндегі тірі қалған жалғыз альпинист. Кеңес альпинистері екі топқа бөлініп, жеті мың метрлік Жеңіс шыңына шығуға жан-жақтан аттанады. 6930 метрлік биіктікте қар көшкіні басталып, альпинистер жерді қазып тығылуға мәжбүр болады. Бірнеше күннен кейін үш адам төменге түспек болып, қаза табады. Қалғандары суыққа шыдамай қайтыс болады. Қайғылы оқиғадан жазықтыққа түспек болған Орал Үсенов жарыққа түсіп кетеді. Осы кезде оны Жеңіс шыңына шықпақ болған ташкенттік альпинистер құтқарады. 

Бір жыл өткен соң Орал Үсенов Жеңіс шыңына қайта шығып, жеңісін қаза болған 11 досына арнады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети