21 желтоқсан 2015 21:50

Белорус блогері Қазақстан жолдары жайлы: сандырақ және орта ғасырлар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© idrive.kz © idrive.kz

Беларусьте тұратын блогер әрі саяхатшы Евгений Шапошников "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында қазақстандық жолдар мен жергілікті жол полицейлеріне қатысты сынын жария етті. 


Беларусьте тұратын блогер әрі саяхатшы Евгений Шапошников "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында қазақстандық жолдар мен жергілікті жол полицейлеріне қатысты сынын жария етті. 

Автомобилімен Қазақстанға келген белорус "жолдағы жабайылықтың ұнамағанын" мойындады. "Ол жақта жол полицейлері адамдардан көп, көпшілігі ашулы әрі дөрекі. Мен 45 шақырым жол жүріп, жұмыс істеп тұрған 10 экипажды көрдім. Бұл тіпті арнайы операция да емес. Айыппұлдардың сомасы болса аспандап кеткен. Сағатына 10 шақырым жылдамдық асырғаның үшін, тағылмаған белбеу үшін және телефонмен сөйлесу үшін кем дегенде 66 доллар (5000 рубльге жуық), ал Қазақстанда ең төменгі жалақы 68 доллар, ал орташа жалақы 350 доллар", - деп жазды саяхатшы. 


Евгений Шапошников. © vk.com/airevgeny

Евгенийдің айтуынша, Алматыда барлығын да түсіре беретін камера өте көп, мәселен стоп-сызықты да, бағдаршамның сары түсіне өтіп кету дерегін түсіретіндер де бар. "Осыдан көліктер жасыл түс бітпей тұрып 2-3 секунд бұрын тоқтайды. Бұл әдіс жүргізушілерді тәрбиелейді деп ойлайсыздар ма? Ол жақта апат Минскіге қарағанда көп және оның көбі ірі жол апаттары, қарсы бағытқа шығып кету, жаяулар жолы. Камераларды іліп тастаған, ал жаяу жүргінші өткелдеріне жарық берілмеген. Бұрынғы астанадан он шақырымға ұзап кетсеңіз елді мекендердегі жолдарға да жарық берілмегенін байқайсыз", - дейді ол.


© vk.com/airevgeny

Блогер өз басынан өткен оқиғаны баяндап берді. Қазақстанға келгенінде оны сағатына 20-30 шақырым жылдамдықпен кетіп бара жатқан көліктен қарсы бағытқа шығып, озғаны үшін тоқтатыпты. "Жол полицейі жол қозғалысы ережесін көрсетті, сөйтсем, ол жақта қарсы бағытқа шығып кеткен жағдайда бір жылға жүргізу куәлігінен айырылады екенсің, ал айыппұл деген шара жоқ. Мен оған куәлігімді алып қалуын, Беларусьте куәліктен айыру деген жазаның жоқтығын және қайта жасатып алатынымды айттым. Ол хаттама тұрмақ дәнеңе де толтырған жоқ. Барды да куәлігімді менің жолаушыларыммен саудаласып кетті. Осыдан кейін жол қозғалысы ережесін бұзған жағдайда көлікке тіпті де қарамайтынын және ешкімнің де хаттаманы толтырмайтынын аңғардым. Сандырақ пен орта ғасырлар", - деп жазды Евгений Шапошников.

Жазбасының соңында Беларусь тұрғыны отқа май құя түсті. Ол Қазақстанда "барлық полицейдің қол алысып амандасатынын және қараптан-қарап өмір жайлы әңгімелесе салатынын, тіпті ақшаңды түк қоймайтынын" айтып қалды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети