28 қазан 2019 13:20

Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Қызылорда облысына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Үкіметтік жұмыс тобы алдымен Т. Есетов атындағы № 264  мектеп-лицейінде мұғалімдер мен білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті.

"Әрбір елдің дамуы білім, денсаулық сақтау, азаматтардың мәдениетіне байланысты. Біздің балаларымыздың халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы білім алуы маңызды. Сондықтан біз мұғалімдердің мәртебесін, олардың материалдық қамтамасыз етілуін арттыруымыз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Келешекте біздің мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы ел бойынша орташа жалақыдан жоғары болуы тиіс", - деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев Талсуат ауылдық округінде орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығында болды. Осы күні облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен вице- премьер Бердібек Машбекұлы әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.

"Достық" үйінде үкіметтік топ халықпен кездесті Облыс әкімі Қ. Ысқақов аймақтың экономикалық-әлеуметтік даму динамикасы туралы айтып, кейбір мәселелердің шешілуіне Үкімет тарапынан қолдау сұрады.
"АӘК көрсетуге 2019 жылға бюджеттен 14,7 миллиард теңге қаралып, әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 14 808 теңгені құрады. Жыл аяғына дейін 19,7 миллион теңге қаржының жұмсалуы күтілуде. Атаулы әлеуметтік көмекті қоса қаржыландыруды 15 пайызға жеткізу үшін жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінді. Шартты атаулы әлеуметтік көмек алатын 1 351 отбасы мен әлеуметтік келісім шарт жасалып, 1 243 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Артық төленген атаулы әлеуметтік көмектің 23,1 миллион теңгесі бюджетке қайта қайтарылып, 1 миллиард 71 миллион теңгеге төлем тоқтатылды"-, деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Мұнан соң, үкіметтік жұмыс тобы Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындарымен кездесті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап еңгізілетін көпбалалы және мұқтаж отбасыларға арналған көмектің жаңа әдісі талқыланды.

Министрдің айтуынша, көп балалы отбасыларды қолдау республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік жәрдемақыны енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Аталмыш мемлекеттік жәрдемақы жанұяның табысына қарамастан барлық көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері балалардың санына байланысты сараланып, әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңгеден беріледі. Ал, АӘК аз қамтылған отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға да төленетін болады.

Оларды жұмысқа орналастыру үшін өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасының барлық тетіктері пайдаланылатын болады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі барлық отбасы мүшелері үшін тоқтатылады.

Сондай-ақ, үкіметтік топ Шиелі ауданындағы жаңа аудандық аурухананың жұмысымен танысты. Нысан 2019 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Келесі нысан-Шиелі Гежуба цемент зауыты. Кәсіпорынның құрылысы 2018 жылдың желтоқсанында аяқталып, 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Жобаның құны - 64 миллиард теңге. Орталық Азияның заманауи технологияларымен жабдықталған зауыт жылына 1 млн. тонна өнім шығаруға қуатты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети