17 мамыр 2019 11:43

Бердібек Сапарбаев батыр аналармен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бердібек Сапарбаев Бердібек Сапарбаев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында көпбалалы аналарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді. Қолданыстағы жеңілдіктерден басқа зейнеткерлікке 53 жас мерзімінен бұрын шығу, жұмыс істемейтін ананың 3 жасқа дейінгі баласының күтімі бойынша кезеңінің еңбек өтіліне қосылуы, салық пен баж салығының кейбір түрлерін төлеуден босату құқығы, тұрғын үйге жеңілдетілген кезекке тұрғызу және мұндай санаттағы азаматтарға мемлекеттік қолдауды күшейтудің қосымша шаралары да қарастырылып жатыр.

Кездесуге қатысқан көпбалалы аналар "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында тұрғын үй жағдайын жақсарту, жалпы білім беру қоры аясындағы қолдау, санаториялық-курорттық емдеу, медициналық қызмет көрсету, соның ішінде стоматологиялық қызмет көрсету және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын алу туралы сұрақтар қойды.

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізіліп жатыр Мәселен, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және табысты арттыру үшін көпбалалы ауылдықтарға жаңа бизнес-идеяларға 505 мың теңге мөлшерінде қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беріледі. Сондай-ақ, ағымдағы жылы көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар адамдар арасында кәсіпкерлікті дамытуға 5 мың микронесие беріледі", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әкімдіктердің мәліметінше, 2019 жылы 287 мың бала мектептерде тегін тамақпен, 553 мың адам тегін жол жүрумен, 219 мың оқушы мектеп формасымен және керек-жарақтармен, 30 мыңға жуық бала балабақшаларда орынмен қамтамасыз етіледі, 186 мың бала лагерьге жолдама алады, 460 мыңнан аса адам біржолғы көмек алады, 5 мың АӘК алушы жұмыспен қамтылады, 5 мың адам тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартады. Жалпы әлеуметтік көмектің барлық түрлерімен 83,1 миллиард теңгеге 821 мың адамды қамту жоспарланып отыр.

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған 235 мыңнан аса көпбалалы ана тұрады. Оның 4787-сі Нұр Сұлтанда тұрады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети