26 қаңтар 2017 17:59

Бердібек Сапарбаев жолдарды тексеру кезінде қарда тұрып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жолдарды тексеру үшін аймақтағы шалғай ауылдарға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жолдарды тексеру үшін аймақтағы шалғай ауылдарға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Аймақ басшысы бақарма жетекшілері жазда да бармауға тырысатын шалғайдағы елді мекендерді аралағаны хабарланды. Әкім жол қалай тазаланатынын көру мақсатында қыста жүруге қиын жолдарды тексерді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан ол қызметтік көлікпен үш елді мекенде - Мұғалжар ауданындағы Ембі қаласында, Мартұқ ауданындағы Хазрет ауылында және Хромтау ауданындағы Тассай ауылында болды.

Әкімнің соңғы сапарында бір сағат жүріп өту керек болған жолға үш сағат уақыт кеткен. Ауылдық округ тұрғындарымен сағат 15:00-ге белгіленген кездесу кешіктірілді. Кеңес барысында Бердібек Сапарбаев жыл сайын ауа райына байланысты қиын жағдайда қалып қоятын ауыл тұрығндарына жол тазалау жұмыстары жиі жүріп тұратындығына уәде берді. 

"Бүгін біз бұрқасын мен нашар жолдарға қарамастан сіздерді қандай мәселелер алаңдататынын тыңдау үшін және оларды бірлесе шешу жолдарын табуға келдік", - деді облыс әкімі.

Еске салайық, соңғы күндері Ақтөбе облысында қар, бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты дауылды ескерту жарияланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети