Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Арменияға барды

14 Қыркүйек, 14:26
0
Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Арменияға барды -

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Армения Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сондай-ақ, қазақстандық делегация құрамына ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев пен ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бердібек Сапарбаев пен Армения премьер-министрінің орынбасары Тигран Авинянның кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықтың көптеген мәселелері қаралды.

"Қазақстан Армениямен өзара тиімді серіктестікті дамытуға, оның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен мән береді, сондықтан біз премьер-министрдің тапсырмасы бойынша білім, денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылауға келдік", - деді Сапарбаев. 

Өз кезегінде Арменияның Вице-Премьері екіжақты байланыстарды тереңдетуге қызығушылық танытып, елдеріміз арасындағы тауар айналымын ұлғайтудың елеулі әлеуетін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев армян әріптесіне кітаптар сыйлады, атап айтсақ: Абай шығармаларының жинағы, Әл-Фарабидің "Таңдамалы трактаттары" және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы.

Сонымен қатар, Ереван қаласында қазақстандық делегация "TUMO" креативті технологиялар орталығында болды. Орталықта 12-18 жас аралығындағы балалар заманауи технологияларды қолдана отырып, АT-саласындағы жұмыстарға оқытылады. Оқыту төрт бағытта ұйымдастырылған: анимация, ойындар әзірлеу, веб-әзірлеу және цифрлық бұқаралық ақпарат құралдары, мұнда би, спорт және музыкамен айналысуға көңіл бөлінеді. 2016 жылы "TUMO" француздық "We demain" журналы құрастырған әлемдегі инновациялық мектептер рейтингінде бірінші орын алды. Орталықтың бөлімшелері Парижде, Мәскеуде, Бейрутте және басқа қалаларда жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Вице-Премьер "Армения балалары" (COAF) қайырымдылық қорының жұмыс тәжірибесімен танысты. COAF негізінен балалармен және жастармен жұмыс жасай отырып, ауылдағы кедейлік проблемаларын жан-жақты шешу үшін білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асырады.

Ереван мемлекеттік университетін аралау барысында Бердібек Сапарбаев Қазақ тілі, мәдениеті және тарихы орталығында болды. Мұнда Вице-Премьер қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін зерттеп, үйреніп жүрген студенттермен әңгімелесті, сондай-ақ орталыққа қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 50 кітапты сыйға тартты. Олардың ішінде Абай, М. Әуезов, Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Кекілбаев, А. Жұбанов және т. б. ірі тұлғалардың шығармалары бар.

Бердібек Сапарбаев Армения Ұлттық кітапханасына және "Матенадаран" ежелгі қолжазбалар институтына тағы 50 кітапты сыйлады.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация стоматология және эстетикалық медицина саласындағы жаңа бағдарламалар мен тәсілдерді қолдануды ынталандыратын және дамытатын "Аванта" инновациялық медицина орталығына барды. Бүгінде клиникаға әлем елдерінен 77 мыңнан астам емделуші келген.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай