07 шілде 2016 17:34

Бердібек Сапарбаев оқушылары ҰБТ-дан аз балл алған мектептерді жабуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бердібек Сапарбаев Бердібек Сапарбаев

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мектеп оқушыларының білім сапасын жақсартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап. Әкімдікте ҰБТ және колледждердегі дуальды білім беру барысы бойынша кеңес болып өтті.


Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мектеп оқушыларының білім сапасын жақсартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап. Әкімдікте ҰБТ және колледждердегі дуальды білім беру барысы бойынша кеңес болып өтті.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының жетекшісі Сәуле Өмірбекованың айтуынша, 2016 жылдың ҰБТ қорытындысы бойынша, Ақтөбе қаласы мектептерінің түлектерінің орташа баллы төмендеген, ең төменгі балл Темір ауданында (70,9) тіркелген.

Сәуле Өмірбекованың айтуынша, төменгі балды алмаған және ҰБТ растай алмағандар арасында шағын комплектілі мектептерде оқитын балалар көп. Осыған байланысты облыс әкімі мұндай мектептерді жауып, оқушыларды көршілес елді мекендердегі неғұрлым ірі мектептерге ауыстыру жөнінде ұсыныс білдірді. Олар үшін интернат ашу туралы ұсыныс айтылды.

"Ең бастысы - балалардың білім сапасын жақсарту", - деп атап өткен Бердібек Сапарбаев тамыз конференциясы алдында сараптама жүргізіп, ҰБТ-ның төменгі көрсеткіштерінің себебін анықтауды тапсырды.

"Мектеп түлектерінің одан әрі оқуды жалғастыру және жұмысқа орналасу мәселесі өзектілігін жоймай келеді. Білім басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, аймақта 17 мен 21 жас аралығындағы 417 жас азамат мектеп бітіргеннен кейін ешқайда оқымаған әрі жұмысқа орналаспаған. Оның 204-і кездейсоқ жұмыстармен айналысады, қалғандары - мүлдем жұмыс істемейді", - делінген хабарламада. 

Басқарма жетекшісі аудан әкімдеріне осы жастарға назар аударуды өтінді, өйткені, облыстың бас педагогының пайымынша, әлеуметтік мәселелердің ушығуына байланысты шараларға өзге емес, дәл осындай азаматтар қатысуы мүмкін.

Кеңес барысында жергілікті колледжерде қордаланып қалған мәселелер де сөз болды. Мәселен, орта арнайы оқу орындарында кадрлар даярлау деңгейі сын көтермейтіні, осыған байланысты кеңесте білім сапасы мен елімізде кеңінен енгізіліп жатқан дуальды білім беру бағдарламасының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қолға алу керектігі айтылғаны хабарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети