Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Ұлытау ауданының жаңа әкімін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қызметке Берік Әбдіғалиұлы келді.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Ұлытау ауданының жаңа әкімін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қызметке Берік Әбдіғалиұлы келді.
Ұлытау ауданының әкімі қызметін атқарған Әнуар Омаров өз еркімен қызметінен босатылды. Аудандық мәслихат депутаттарыжаңа әкімнің кандидатурасына дауыс берді.
Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Рудник (қазір Жезқазған) кентінде дүниеге келген. Мамандығы бойынша - тарих және қоғамтану оқытушысы. 1989 жылы еңбек жолын бастап, Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. Бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы және директордың орынбасары болды.
Сонымен қатар, Астанада (қазір Нұр-Сұлтан) Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1999-2000 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болды. 2001-2002 жылдар аралығында Теміртау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылы Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды, сол жылы бірінші вице-премьер кеңесшісі қызметіне премьер-министр кеңсесіне ауысты. 2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды
Осы күнге дейін vәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатындағы "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі қызметтерін атқарды.