18 қыркүйек 2019 19:30

Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бейбіт Атамқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Бейбіт Атамқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылсын", - делінген Жарлықта. 

Айта кетейік, 2018 жылы 26 желтоқсанда Бейбіт Атамқұлов ҚР сыртқы істер министрі болып тағайындалған еді.

Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. 1986 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетін тәмамдаған. 2006 жылдан бастап дипломатиялық қызметте жұмыс істеді. Қазақстанның Германиядағы бас консулы, Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды.

Ол сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети