16 қыркүйек 2014 15:24

Бейсбол битасын денсаулыққа зиян келтіретін құрал деп тану ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©pwoduli.hol.es ©pwoduli.hol.es

Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Рашид Апеков бейсбол битасын денсаулыққа нұқсан келтіруге арнайы бейімделген құрал деп тануды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Рашид Апеков бейсбол битасын денсаулыққа нұқсан келтіруге арнайы бейімделген құрал деп тануды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот битаны денсаулыққа зиян келтіруге арнайы бейімделген құрал деп танымайды. Ал онымен қатты соққы беруге болады, ол сондай қару. Ол әлдекімнің машинасында жатуы мүмкін, ол бұзақылықпен қолданылған болса, сот оны қару деп танымайды", - деп мәселе көтерді Апеков қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару кодекстері мен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің жаңа модельдеріне көшу мәселелеріне арналған семинар-кеңесте.

Апеков заңгерлер бита сияқты құралдар жөнінде жан-жақты түсінік беруі керек деп есептейді. "Қазіргі кезде екінің бірінің машинасында бита жүреді. Кейбіреулер бейсбол ойнауды, битаның не үшін қолданылатынын да білмейді. Адам оны дүкеннен сатып алып қоюы мүмкін, ол ресми түрде барлық жерде сатылып жатыр, біз бұл мәселені көріп отырмыз. Қазір шығыста бір процесс болып жатыр - бір топ бір топқа қарсы шыққан. Онда бита қолданылған, қазір "Бұзақылық" бабының үшінші бөлігі алынып тасталып жатыр" (баптың бұл бөлігі денсаулыққа зиян келтіруге арнайы бейімделген құралдарды қолдануға қатысты - Авт.), - деді Рашид Апеков.

Бұл мәселенің өзекті екенін Бас прокуратураның департамент бастығы Бейбіт Шермұхаметов те атап өтті.

"Біздің судьяларымыз мейлінше сақ болуға тырысады, сондықтан мәселе көтеріліп отыр. Битаның өзінің құрылысы сондай, онымен соққы жасаудан басқа (...)", - Шермұхаметов ойын аяқтап үлгермеді, біреу онымен келіспей, ондай жағдайда хоккейдің шошқатаяғын да қауіпті құрал деп тану керектігін айтты. "Битаның соққысы шошқатаяққа қарағанда, анағұрлым қауіпті", - деді Шермұхаметов, ол ирония ретінде "егер битаны денсаулыққа зиян келтіруге арнайы бейімделген құрал деп танитын болсақ, онда машинаға бита орнына хоккейдің таяғын салып жүру керек" дегенді қосып қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети