06 қаңтар 2017 23:29

Билік Алматы мен Астана ХҚКО-ларындағы ұзын-сонар кезектер туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Азаматтардың уақтыша тіркеуіне байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтарында дүрлігу мен үлкен кезектер жоқ. Бұл туралы 6 қаңтарда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды "Хабар 24". Дегенмен, мұның алдында Алматы мен Астананың ХҚКО-ларында келушілер қатарынан үлкен кезектер пайда болғаны хабарланған еді. Адамдар мекенжай анықтамасын беретін терминалдар алдында тізіліп қалған болатын. Сонымен қатар қызмет көрсету үшін талон беретін анықтама бұрышы алдында да кезекте тұрған.

Алматы мен Астананың адам көп шоғырланған аудандарындағы ХҚКО-ларда ғана адам көптеп келгені айтылды. Сонымен бірге, бұл орталықтарға қосымша мамандар жіберіліп, қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгертілген. Министрліктен атап өткендей, осы шаралар арқасында жағдай түзелді.  

"Бүгін (6 қаңтарда - ред.) түске дейін Алматы мен Астанада адамдардың жиналғанын байқадық. Бірақ, жедел шаралар арқылы біз бұл ХҚКО-ларға қосымша адамдар жөнелтіп, ауыртпалықты азайттық. ХҚКО-лар адамдардың көптеп келуіне дайын. Азамаматтардың уақытша тіркеуге тұруын алатын болсақ, біз полиция қызметкерлеріне қосымша жұмыс орындарын бөліп беруге дайынбыз. Бізде келісім бар", - деп түсіндірді "Азаматтар үшін үкімет" дирекциясы басшысының орынбасары Шоқан Әбділманов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети