17 шілде 2014 15:47

Билік босқындар мәселесімен әкімдердің айналысуына тыйым салуы керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Украинадағы жағдай Қазақстан үшін сабақ қана емес, бірқатар бас аурудың созбалаңын да тудырған тәрізді. Өйткені, бүгінде Украинадағы әскери қақтығыстардан сауғаланып, өзге елге паналай қашқан босқындар мәселесіне келгенде, Қазақстан қоғамының екіге айырылған ғана емес, билігінің де «екі оттың арасында» қалып отырғанын аңғаратындаймыз. Айталық Қазақстан ондай азаматтарды құшақ жая қарсы алса, ресми Киев пен оның артында тұрған АҚШ үшін содырларды қабылдап, Украинаның территориялық тұтастығына қарсы шыққандай боламыз. Олай істемесек, босқынды жаппай қабылдап жатқан Ресейге жақпай қалуымыз кәдік. Қалай болғанда да еліміздің ресми билігі, орталық органдар босқындарды қабылдау, я қабылдамау мәселесіне қатысты өзінің нақты ұстанымын жарияламай отырған сыңай танытады. Есесіне жергілікті жерде әңгіме жетеді. «Алаш айнасы» осы мәселеге де назар аударған болатын.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде «Қазақстанның ресми билігі неге үнсіз? Украинадан келетін босқындарды қабылдаймыз ба, жоқ па?» деген сұрақтардың төңірегінде тартыс көп. Ал ауыз ашпай отырған министрліктерге келсек, олар екі түрлі себеппен қорғанып бағуда. Дегенмен, ең бастысы, ресми биліктің нақты мәлімдемесі болмағаннан шығар, бәлкім, украин босқындарын «өз үйінде» қабылдауға әзір тұрған әсіре белсенділердің қарасы көбейіп барады. Отқа дем үрлеген қайсыбір жергілікті билік өкілдерінің саяси сауатына қатысты шудың бас-аяғында да осы көрініс табады. Халықты сабаға түсірудің орнына жылу жинап, Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына көмек береміз деп жар салғанындарға да қоғамның бір тобы наразы.

Сонымен билік бұғып отырған екі себептің біріне келсек, Украинаның территориялық тұтастығын қолдаймыз деп қайта-қайта айту, Қырымның бөлінуіне қарсылық танытуды білдіреді. Ал сөйте тұра сол жақтан келген босқындарға қамқорлық жасау, Киевтің сепаратистер деп таныған аймақтарына қолдау білдіргеніміз болып шықпай ма? Ендеше мұндайда «үндемеген үйдей бәледен құтылады».

Екінші себеп – Украина босқындарына қатысты нақты ұстанымды жариялауға негіздің жоқтығы. Өйткені, Украинадан Қазақстанға келіп, босқын мәртебесін сұраған әзірше бірде-бір адам жоқ сияқты. Алайда ішкі істер министрлігінің көші-қон полициясы украин жерінен келуге ниет танытып жатқан адамдардың барын жоққа шығармайды. «Әзірше, бізге босқын мәртебесін сұрап, арыз түсірген бірде-бір адам жоқ. Босқын атану үшін алдымен арыз жазу қажет. Содан кейін арнайы комиссия барлық өтініштерді қарайды. Ондай комиссия әрбір облыста бар. Бүгінге дейін осы сипаттағы арыздар түспеді. Алайда Украинадан Қазақстанға келуге тырысып жатқан азаматтар баршылық», – дейді министрліктің көші-қон полициясы департаменті басшысының орынбасары Еркін Байбатша бұқаралық ақпарат құралдарының берген сұхбатында. Оның айтуынша, «Қазақстанға келуге тырысып жатқандар» қонаққа, яғни осы жақтағы ағайын-туыстарына келгісі келеді, осында айлап жатқысы да келуі ықтимал. «Енді, бірден көшіп келу оңай шаруа емес қой. Олар осы жақтағы тұрмыс жағдайы мен әлеуметтік мүмкіндіктерді қарап жатқан болар. Әзірше, адамдар тек өз туыстарын көру үшін ғана келіп жүр. Оған қоса, осы мәселеге қатысты Украина мен Қазақстан арасында рәсімделген бір келісім бар. Соған сәйкес, сол елдің азаматтары 90 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Яғни, қазір сондай (90 күн бойы жүре беретін-ред.) адамдар бар. Олар нақты бір шешімге келмеген шығар. Ең бастысы босқын ретінде өтініш сұрағандар жоқ. Алайда өтініш түссе, барлық арыздар дер кезінде қаралатын болады. Меніңше, оң шешімдер шығарылуы әбден мүмкін», – дейді көші-қон полициясының өкілі.

Демек, түсінгеніміз Украинадан келіп жатқан адамдар Қазақстанда бар. Бірақ олардың нақты қай аймақтардың тұрғыны екені белгісіз. Батыс жақтың украиндары болса, үш ай бойы Қазақстанда тұруға, ағайынын аралап, айлап жатуға да құқылы. Ал Донецк пен Луганск сияқты оңтүстік-шығыс жақтан келгендер босқын мәртебесін сұрауы әбден мүмкін. Ондай азаматтар бар көрінеді. Алайда көші-қон полициясының басшылығы ол туралы мәліметті алға тарта алмады. Заң бойынша босқын мәртебесі үш айдың ішінде беріледі. Алайда қосымша тексеріс керек болса, оны бір жылға дейін созуға болады.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети