1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

#Birge #TazaQazaqstan акциясына 17 мыңнан астам шығысқазақстандық қатысады26 шілде 2019, 15:48

#Birge #TazaQazaqstan акциясына 17 мыңнан астам шығысқазақстандық қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шығысқазақстандықтар #Birge #TazaQazaqstan акциясына 27 шілде күні сағат 10.00-де шығады. Бір мезетте 19 қалалар мен аудандардың тұрғындары аралдарды, саябақтар мен өзен жағалауларын, сондай-ақ қазаншұңқырларды қоқыстан тазартпақ. Оның ішінде Комсомол мен Полковничий аралдары, сондай-ақ Үлбі өзенінің жағалауы да бар.
#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына 17 мыңнан астам шығысқазақстандық қатысады деп жоспарланған.

Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, мемлекеттік емес ұйым өкілдері, белсенді жастар, этномәдени бірлестіктер мүшелері, блогерлер мен өнерпаздар да бар. Өзен-су қоймалары көптеп шоғырланған Шығыс Қазақстан үшін аталмыш акцияның маңызы зор екенін атап өту керек. Акцияға қолдау білдірген ақсақалдар алқасы өкілдері шараның тәрбиелік мәні де жоғары екенін де айтып отыр.

Еске салсақ, 20 шілдеде Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин экологиялық акцияның басталғаны жөнінде мәлім еткен еді. Мұндағы басты мақсат - су қоймаларының маңайын қоқыстан тазарту. Жалпыхалықтық сипат алған экочелленджге ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдау білдірді.