27 шілде 2018 13:49

Бишімбаев пен Ермегияевтің жазасы жеңілдетілмейді - Бас прокуратура

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қылмыстық-процестік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған заң Талғат Ермегияев пен Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетпейді. Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ахметжановтың айтуынша, осы сотталушылардың жасаған қылмыстарының категориясына байланысты жазаны жеңілдетуге болмайды.

"Әрине, жазалары жеңілдетілмейді. Мен бұл сұраққа жауап беріп қойдым. Олар ұйымдасқан топ болып ауыр және аса ауыр қылмыс жасады.  (...)  Бишімбаев болсын, Ермегияев болсын - олар жасаған қылмыс құрамы ауыр болғандықтан, олар заңда жазасы жеңілдетілетін сотталушылардың категориясына кірмейді", - деді Марат Ахметжанов.

Еске сала кетейік, мұның алдында Марат Ахметжанов брифинг барысында 5000 зорлықшы мен педофилдің босатылмайтынын мәлімдеген еді. "БАҚ-тарда осы заң аясында ауыр қылмыс жасаған 5000 сотталушының бостандыққа шығатыны жайлы мәліметтер жарияланды. (...) Ол мәліметтер шындыққа жанаспайды", - деген еді бас прокурордың орынбасары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети