11 қазан 2019 17:08

Бишімбаев Президенттен рақымшылық сұраған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері Қуандық Бишімбаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қанағаттандыру себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері Қуандық Бишімбаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қанағаттандыру себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

25 қыркүйекте Шымкент қаласының Абай аудандық сотында Бишімбаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қаралды.

"Сот өтінішті қанағаттандырды. Соттың тиісті шешімі 11 қазанда заңды күшіне енді. Мұның алдында Бишімбаев Мемлекет басшысына кешірім жасау туралы өтінішхат жолдаған болатын, ол 2019 жылдың ақпанында тағайындалған жаза мерзімін қысқартты. Бишімбаев кінәсін толық мойындады және өкінетінін айтты. Сот талаптары орындалды. Ол жазасын өтеп жүргенде оң мінездеме алды және мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысты", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының бас бостандығынан айыру орындарындағы мінез-құлқы, талаптардың өтелуі, кінәні мойындау және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі өтеу қажеттігінің жоқтығы туралы куәландыратын басқа да жағдайлар ескеріледі.

Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев 11 қазанда бостандыққа шықты

2018 жылдың наурызында ол 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алғаны және ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. Сот төрт айдан астам уақытқа созылды. Бишімбаевпен бірге тағы 22 адамның ісі қаралған. 

Бишімбаевтың адвокаты оның қалайша түрмеден ерте шыққанын айтты

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети