16 маусым 2017 11:30

Биыл елімізде ҰБТ-ны 92 827 түлек тапсырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

20 маусым мен 1 шілде аралығында елімізде ҰБТ өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биылғы тестілеу алғаш рет жаңа форматта өтеді. Мектеп түлектері тесттерді 165 ҰБТ өткізу пунктінде тапсырады.


20 маусым мен 1 шілде аралығында елімізде ҰБТ өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биылғы тестілеу алғаш рет жаңа форматта өтеді. Мектеп түлектері тесттерді 165 ҰБТ өткізу пунктінде тапсырады.

ҰБТ 5 пән бойынша тапсырылады: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (20 тапсырмадан, шекті деңгейі - әр пәннен кемінде 5 баллдан) және таңдалған мамандыққа сәйкес 2 бейінді пәннен (30 тапсырмадан, шекті деңгейі 15 баллдан кем болмауы тиіс). 120 тесттік тапсырма бойынша түлек максималды 140 балл алуы мүмкін. Тапсырмаларды орындауға 3 сағат 50 минут уақыт бөлінеді. 

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек ниет білдіріп, арыз жазған. Олар биылғы мектеп бітірушілердің жалпы санының (131 377) 71 пайызын құрап отыр. ҰБТ тапсыруға ниетті 69 209 түлек қазақ тілінде, ал 23 618 - орыс тілінде тапсырады. ҰБТ 165 тапсыру пунктінің 1431 аудиториясында өткізіледі. Бұл аудиториялар байланыс сигналдарын бөгейтін құрылғылармен, металл детекторларымен, ҰБТ барысын бақылау және жазу бейнекамераларымен, сондай-ақ Интернет арқылы онлайн тарату камераларымен жабдықталған.

Ата-аналарға ыңғайлы жағдай қамтамасыз ету мақсатында 108 пункттегі ҰБТ барысы мониторға шығарылып, көрсетіледі. Әдеттегідей, ҰБТ өткізу орындарында медициналық қызмет пен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеп, ауыз су және тағам өнімдерін сату орындары қызмет көрсетеді.

ҰБТ белгіленген тәртіп бойынша өткізілуі мен ережелердің орындалуын қадағалау үшін тестілеу өткізілетін пункттерге ҚР БҒМ тарапынан ЖОО (75 пайыз) және колледждердің (25 пайыз) оқытушылары жіберілді. Ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін ел өңірлерінде жергілікті ЖОО-ның, білім бөлімдерінің, әкімшіліктердің, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінен құралған мемлекеттік комиссияларды құру қолға алынды. 

ҚР БҒМ бұйрығымен тесттік тапсырмалар мен техникалық ақаулықтар жөніндегі апелляциялық арыздарды қарастыратын Республикалық апелляциялық комиссиямен қатар, жер-жерде апелляциялық комиссиялар кұрылды. Тәртіп бұрыңғыдай: апелляциялық арыздар ҰБТ нәтижелері жарияланнан кейінгі күннің сағ 13.00-не дейін қабылданып, бір күнтізбелік күн ішінде қарастырылады. 

ҚР БҒМ тестілеуге сапалы дайындық жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасап отыр. Үйреншікті түрде, яғни қағаз беттерінде қабылданып келген сынақтық тестілеумен қатар, биылғы жылдың басынан онлайн-тестілеуден өту мүмкіндігі ашылды. Ал маусым айынан бастап бұл қызмет үшін ақы төлеу интернет-банкинг арқылы жүргізу мүмкіндігі (кез келген банк картасы арқылы, комиссиясыз).

Айта кетейік, емтихан материалдары құпиялықты қамтамасыз ету нұсқаулығының қатаң талаптарымен, 99 мың дана таралыммен басылып, буылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети