25 қараша 2019 13:33

Биыл елордада 36 көшеге асфальт төселген

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы қоғамдық көлік жұмысын жақсарту мақсатында елордада 5 жаңа бағыт іске қосылды, -деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


2019 жылы қоғамдық көлік жұмысын жақсарту мақсатында елордада 5 жаңа бағыт іске қосылды, -деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 54 нысанның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді: оның ішінде 14-і аяқталды, 4-інде құрылыс басталды, 36-сында - құрылыс жалғастырылуда.

Орташа жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 15,87 шақырым болатын 16 магистралды көшеде жүргізілді.

Сонымен қатар, Агроқалашық, Көктал-1 және 2, Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Өндіріс тұрғын алаптарында жалпы ұзындығы 21,6 шақырым 39 көше асфальт жабынымен қамтамасыз етілді.

Бөлінген қаржыландыру аясында 23 бағдаршам нысаны салынып, 153 260 шаршы метр жол белгілері жасалды.

«Биыл қоғамдық көлік бағытының жұмысын жақсарту және желіні оңтайландыру мақсатында да белсенді жұмыстар жүргізілді. Осылайша, 5 жаңа бағыт іске қосылды, 8 жүйе оңтайландырылды, 5 көшеде қызмет көрсету жақсартылды, 19 бағыттағы автобустардың саны 39 бірлікке артты», - делінген хабарламада.
Басқармада жаңа маршруттарды іске қосу және автобустардың санын арттыру үшін қажетті жылжымалы құрам есептелді, ол 2019-2023 жылдары 483 автобусты құрады, ал 2019 жылы 100 автобусты қажет етті.

Сондай-ақ, 2019 жылы 5,9 млрд теңге көлемінде субсидия төленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети