13 наурыз 2018 13:04

Биыл ОҚО-да екінші үшем дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі © ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылы екінші үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылы екінші үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Шымкенттегі №1 облыстық перинаталдық орталығында ортақ салмағы сегіз келі шамасында болатын үшем дүниеге келді. Бұл - облыс бойынша жыл басынан бері өмірге келген екінші үшем.

Бақытты ана Гүлжанат Пердебаеваның енді 5 баласы бар. Ұл мен қыздың анасы үшем болатынын төрт айлық кезінде білген екен. Жас ана үш ұл баланы наурыздың 5 күні ота жасау тәсілімен босанған. Дәрігерлердің айтуынша, 35 аптада, айы - күні толмай туылған сәбилердің салмағы 2400 грамм, бойы - 45 сантиметр, 2600 грамм, бойы - 46 сантиметр, 2700 грамм, бойы 48 сантиметр екен.

"Бір аптадан аса уақыттың ішінде салмақ қосып, жағдайлары жақсарған", - дейді дәрігерлер.

Үшемнің ата-анасы Мұхтар мен Гүлжанат Шардара ауданының тұрғындары, енді оларды бала көбейгендіктен тұрғын-үй мәселесі толғандыра бастағанын айтады. Олар мемлекеттің көмегіне үміт артып отыр.


Елубаевтар әулетінде дүниеге келген үш атұстарға ата- әжелері ырымдап Ерасыл, Нұрасыл, Жанасыл деген ат қойған. Олар осыдан үш жыл бұрын атажұртқа Өзбекстаннан көшіп келген екен.

Сондай-ақ, ведомствоның баспасөз қызметі жалпы статистикалық мәліметке сүйене отырып, соңғы 10 жылдың ішінде облыста жыл сайын 7-13 үшем дүние есігін ашатынын айтады.

"Осы уақыт ішінде 81 үшем туылған. Ал бір жылда дүниеге келетін егіздердің саны - 800-ге жуық. Он жылда туылған жергілікті егіздер саны 7 мыңнан асады. Тек соңғы мерекелік бес күннің өзінде облыс аумағында 700-ге жуық сәби дүние есігін ашқан. Ал 2017 жылы облыста 76 353 сәби дүниеге келген. Олардың жартысына жуығы Шымкент қаласында өмірге келген. Бала туу көрсеткіші бойынша алғашқы қатарда Түркістан қаласы, Сарыағаш, Мақтаарал және Сайрам аудандары тұр", - деп келтірді статистика мәліметтерін ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети