21 сәуір 2018 09:55

Биыл оңтүстіктен солтүстікке 665 отбасын көшіру жоспарланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© naryk.kz © naryk.kz

Биыл оңтүстіктен солтүстікке 665 отбасын көшіру жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев Шымкент қаласы мен Сайрам ауданында ішкі көші-қон және қоныстандыру мәселесіне байланысты жәрмеңкеде айтты. Жәрмеңкені Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырды. 


Биыл оңтүстіктен солтүстікке 665 отбасын көшіру жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев Шымкент қаласы мен Сайрам ауданында ішкі көші-қон және қоныстандыру мәселесіне байланысты жәрмеңкеде айтты. Жәрмеңкені Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырды. 

Отаршиев өз сөзінде атқарылып жатқан шараларды оң бағалап, нәтижесінде қоныс аударатындардың қатары артып келе жатқанын айтты.

"Халқы тығыз орналасқан аудандарда жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аталған облыстарға көшуге ниет білдіргендер баршылық. Мәселен, 2015-2017 жылдары 1392 мүшесі бар 347 отбасы солтүстік өңірдерге қоныс аударды. Көшіп барған әрбір жанұяның кемінде бір адамы жұмыспен қамтылып, түрлі салада жемісті жұмыстар атқарып келеді. Ал, биыл 665 отбасы қоныс аударады деп жоспарлануда", - деді Мұхит Отаршиев.

Жәрмеңкеге өзге өңірлерден келген делегаттар бос жұмыс орындарын ұсынып, оңтүстікқазақстандықтарды еліміздің солтүстік аймақтарына қоныс аударуға шақырды.

"Ондағы мақсат - Елбасының тапсырмасына сәйкес еліміздегі ішкі көші-қон процестерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру, еңбек күші мол аймақтан, еңбек күші жетіспейтін өңірлерге халықты өз еріктерімен қоныстандыру", - делінген таралған хабарламада.

Шара барысында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген қонақтар халыққа жүздеген бос жұмыс орындарын ұсынды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметтен бастап білім, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салалар бар. Сондай-ақ, жеке кәсіп ашып, бизнеспен айналысқысы келетін азаматтарға мемлекет тарапынан тұрғын үй, жер, әлеуметтік пакет беріліп, әкімдіктің тұрақты бақылауында болатыны айтылды.

Айта кетейік, бүгінде Үкімет тарапынан қоныс аударушыларға жағдай жасау үшін заңнамаларға өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, солтүстік аймақтарға көшу үшін отбасының әрбір мүшесіне 84175 теңге мөлшерінде қаржылай көмек беріледі. Бір жыл бойы үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін 72150 теңгеге дейін қаржы төленеді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орнын ашып, 5 қоныс аударушыны 3 жыл мерзімге тұрақты жұмыспен қамтыған азаматқа әрбір жұмыскер үшін 1082250 теңге субсидия қаралған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети