28 ақпан 2014 17:15

Биыл шаруалар салық жағынан біраз жеңілдік алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Ағымдағы жылы қыркүйек айында Салық кодексіне бірқатар өзгерістерді енгізуді көздейтін заң жобасы Парламент қарауына ұсынылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап. Министрдің сөзіне қарағанда, оған дейін бүгінгі салық жеңілдіктеріне ревизия жасалады. Соның қорытындысы бойынша Салық кодексіне тиісті өзгерістерді енгізу ұсынылмақ. Қазіргі кодексте жалпы соммасы 1,3 триллион теңгені құрайтын 281 жеңілдік бар. "Ал өзгерістердің жеке топтамасы ауыл шаруашылығы субъектілеріне қатысты болмақ. Басты мақсат - ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерін қолдау. Ол үшін шаруа қожалықтары мен фермаларға салық салу жүйесі жеңілдетіледі. Сондай-ақ ауыл шаруыашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесіне база назар аударылмақ", - деді Е.Досаев министрліктің бүгінгі алқа мәжілісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети