17 қазан 2019 09:10

Биылғы тоғыз айда Қазақстаннан 31 287 адам кеткен

© inbusiness.kz

Биылғы тоғыз айда Қазақстаннан 31 287 адам кетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3550 адамға (27 737 адам) артық, деп хабарлайды Central Asia Monitor Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің есебіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биылғы теріс сальдосы - 23 867 адам, өткен жылы - 19 311 адам. 2019 жылғы қаңтар-тамызда 2018 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 11,9 пайызға азайған, Қазақстаннан кеткендер саны 12,8 пайызға артқан.

Реклама
Реклама

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келген және осы елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 81,3 пайызды және 91 пайыз болды. Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылардың саны 23,5 пайызға артқан. Өңіраралық орын ауыстырулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы республиканың бес өңірінде қалыптасты: Маңғыстау (644 адам) Павлодар (74 адам) облыстарында және Нұр-Сұлтан (21 981 адам) Алматы (24 597 адам) және Шымкент (1230 адам) қалаларында.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram