28 желтоқсан 2017 12:25

Бизнесмен Айдан Кәрібжанов ажырасатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook.com © Facebook.com

Бизнесмен Айдан Кәрібжанов әйелімен ажырасып жатыр. Кәрібжанов бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне растады.


Бизнесмен Айдан Кәрібжанов әйелімен ажырасып жатыр. Кәрібжанов бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне растады.

"Мен расында да ажырасып жатырмын. Сот процестері жүріп жатыр, мүлік дауы да бар. (...) Бүгін Мақпалдың аккаунтынан оқығаным менің ажырасу туралы қабылдаған шешімімді тек күшейте түсті. (...) Заңгерлер осы мәселемен айналысып жатыр", - деді Кәрібжанов.

Айта кетейік, осыған дейін бизнесменнің әйелі  Facebook желісіндегі парақшасында күйеуімен ажырасып жатқанын жазған еді. Алайда қазіргі уақытта ол жазба әйелінің парақшасынан өшіріліп тасталған.

 Айдан Кәрібжанов - қаржыгер, экономист. 1971 жылы 10 қазанда Алматыда дүниеге келген. "Қазақтелеком" директорлар кеңесінің мүшесі, Халық банкі, Темірбанк, БТА банк, "ҚазТрансОйл", "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ  және тағы басқа компанияларда қызмет етті.

Қазіргі уақытта Айдан Кәрібжанов "Visor Holding" компаниясында директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети