25 қазан 2019 13:02

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі - 10 426,25 миллиард теңге

2019 жылдың 1 қазанына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі 10 426,25 миллиард теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "БЖЗҚ" АҚ-ның баспасөз орталығына сілтеме жасап. 


2019 жылдың 1 қазанына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі 10 426,25 миллиард теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "БЖЗҚ" АҚ-ның баспасөз орталығына сілтеме жасап. 

БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол "Көрсеткіштер" - "Инвестициялық қызмет" бөлімінде мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Баспасөз орталығының мәліметінше, соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің табыстылығы 8,4 пайызға жетті. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайыз болған. Бұл зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы оң сипатқа ие екендігін көрсеткен.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы - 525,2 миллиард теңге.

Зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай болған:

- бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі табыстар 493,08 миллиард теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан болған шығындар (32,54) миллиард теңге;

- шетелдік валютаны қайта бағалаудан түскен табыстар 40,33 миллиард теңге;

- сыртқы басқарудан түскен табыстар 16,12 миллиард теңге;

- басқа да шығындар - 8,2 миллиард теңге.

Осылайша портфельді әртараптандыру арқасында жекелеген қаржы құралдарын қайта бағалаудан болған шығындар басқа бағалы қағаздардың табыстылығы есебінен жабылған. 

Қордың зейнетақы активтері портфелінің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (37,74 пайыз) тиесілі. Олардың ағымдағы құны - 3 934,35 миллиард теңге. Есепті күнге қарай теңгеде номиналданған ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуіне қатысты орташа алынған табыстылық жылына 7,6 пайыз, ал АҚШ долларында жылына 4,4 пайыз болған.

2019 жылдың 1 қазанына қарай шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) ағымдағы құны - 1 612,9 миллард теңге болып, жыл басынан бері 35,3 пайызға өскен. Олардың портфельдегі үлесі - 15,47 пайызды көрсеткен. Есепті күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі шет елдердің МБҚ өтелуіне қатысты алынған орташа табыстылық жылына - 2,9 пайыз.

2019 жылдың 1 қазанына қарай Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының портфельдегі үлесі - 14,1 пайыз. Есепті күнге қарай ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгеде номиналданған облигациялары бойынша алынған орташа табыстылық жылына 10,2 пайызды, ал АҚШ долларында 5,0 пайызды көрсеткен.

Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің қаржы құралдары былайша көрсетілген: портфельдің 12,08 пайызы осы банктердің облигацияларына тиесілі. Олардың ұлттық валютадағы жылдық табыстылығы - 9,9 пайыз, ал АҚШ долларында - 6,4 пайыз. Депозиттердің үлесі - 2,46 пайыз, ал олардың орташа алынған жылдық табыстылығы - 9,3 пайыз.

Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелі валюталық тұрғыда былайша келтірілген: ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемі - 65,7 пайыз, АҚШ долларында - 32,29 пайыз, басқа валюталарда - 2,01 пайыз болған.

Қордың сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети