03 сәуір 2019 10:47

БҚО әкімі Instagram желісінде аккаунт ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай Күлгінов. © kazpravda.kz Алтай Күлгінов. © kazpravda.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісінде аккаунт ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісінде аккаунт ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Өңір басшысы Twitter желісінде бұрыннан парақшасы бары туралы айтты. 

"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы халықпен тығыз қарым-қатынас орнату үшін әлеуметтік желіні белсенді пайдалануға шақырды. Ашықтық пен қолжетімділік - біздің жұмысымыздағы басты ұстаным", - деп жазды Күлгінов.

Әкім Instagram парақшасында бірінші жазбасында азаматтармен жеке мәселелер бойынша кезекті кездесу өткізкені, оған түрлі ұсыныс-өтініштерімен 30-дан аса азамат келгенін мәлімдеді. Жыл басынан бері қоғамдық қабылдауларда 4 400 адам болған. Әкімнің жеке қабылдауымда 1 мыңға жуық өңір тұрғындары болып, нақты жауап пен көмектер алған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті достар! «Twitter-дегі» жеке парақшаммен қоса, енді күнделікті жұмысымызбен таныстыру және өңіріміздің жаңалықтарымен бөлісу үшін «Instagram» желісіндегі жеке парақшамды аштым. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы халықпен тығыз қарым-қатынас орнату үшін әлеуметтік желіні белсенді пайдалануға шақырды. Ашықтық пен қолжетімділік - біздің жұмысымыздағы басты ұстаным. Бүгін азаматтармен жеке мәселелер бойынша кезекті кездесу өткіздім, оған түрлі ұсыныс-өтініштерімен 30 дан астам азамат келді. Жыл басынан бері қоғамдық қабылдауларда 4 400 адам болды. Жеке өзімнің қабылдауымда 1 мыңға жуық өңір тұрғындары болып, нақты жауап пен көмектер алды. Менің парақшама қош келесіздер! Уважаемые друзья! Помимо «Twitter», открываю свою страницу в «Instagram». Президент Касым-Жомарт Кемелевич для эффективной обратной связи с населением призвал активно использовать социальные сети. Здесь вы можете ознакомиться с новостями о жизни региона. Открытость и доступность – наш принцип в работе. Сегодня провел очередной прием граждан, на котором побывали свыше 30 жителей региона. С начала года в общественные приемные к нам обратились 4 400 человек. На моем личном приеме побывало порядка 1 тысячи жителей, где они получили ответы на волнующие их вопросы. Добро пожаловать на мой аккаунт!

Публикация от Altay Kulginov (@altay_kulginov_official)

Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде аккаунт ашты.

"Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым" - деп жазады Мемлекет басшысы Instagram парақшасындағы жазбасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети