БҚО әкімінің орынбасары Орал қаласында алаңға жиналғандармен әңгімелесті

04 Мамыр 2016, 15:55
0
БҚО әкімінің орынбасары Орал қаласында алаңға жиналғандармен әңгімелесті - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов пен Орал әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев қаладағы  жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесін талқылау үшін орталық алаңда жиналған жергілікті халықпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындары алаңға сағат 11.00 шамасында жинала бастаған еді. Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов пен Орал әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев жиналған азаматтармен әңгімелесу үшін алаңға келді. Олар мәселені талқылау мақсатында жиналғандарды қалалық әкімдікке шақырған болатын, дегенмен тұрғындар алаңда сөйлесуді жөн көрді.

Нәтижесінде Өтеғұлов жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесі бойынша қала әкімінің атына ұжымдық шағым жазуды ұсынды. Сонымен қатар, барлық өтінішті өңір басшысы Алтай Көлгіновке жеткізуге уәде берді. Сондай-ақ, әкімнің орынбасары алаңға жиналғандарға құқық қорғау органдарының ешқандай шара қолданбайтынын айтты. Өтеғұлов жиналғандардың шағымдарына 21 мамырға дейін жауап беруге уәде етті. Шенеуніктер сөз сөйлегеннен кейін жиналғандар алаңнан тарады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай