10 маусым 2016 13:22

БҚО-да дәстүрлі емес діни ағымның 17 өкілі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

БҚО-да дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын 17 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі штабтың БАҚ-пен байланыс тобына сілтеме жасап.


БҚО-да дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын 17 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі штабтың БАҚ-пен байланыс тобына сілтеме жасап.

"БҚО ҰҚД облыстық ІІД өкілдерімен бірге жергілікті дәстүрлі емес діни ағымның ұстанушыларының біріне қатысты жедел тексеріс жүргізді. Олар Атырау облысында тұратын 1994 жылғы М. есімді азаматқа белгісіз біреулердің тартып алған делінген көлігін қайтарып беруге көмектескен", -  делінген хабарламада. 

Ведомство мәліметінше, көлікті дәстүрлі емес дін өкілдерінің иемденіп алғаны расталды. Қақтығысушы тарапқа байланысқысы келген 17 адамның ұсталғаны хабарланып отыр. "Бұл адамдар ұсталды (17 адам) және БҚО ІІД көмегімен 2016 жылдың 10 маусымында сағат 02.00-де "Бәйтерек" базарының маңында жиналғандар ұсталды. Олар қақтығысушы тараппен кездесу үшін осы жерде жиналып, Асан ауылына кетпек болған", - делінген хабарламада.  

Ведомство мәліметінше, олар қатынамақ болған көліктерді тексеру барысында бейсбол ойнауға арналған бес бита және бір арматура тәркіленген. "Ұсталғаннан кейін бұл азаматтар Орал қалалық ІІБ-на жеткізілді, бірінші тергеу амалдары жүргізіліп жатыр (жауап алу), материалдар ҚАК-да тіркелді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети