23 мамыр 2019 11:09

БҚО-да үш күнде 43 мал ұрлығы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alau.kz © alau.kz

БҚО полицейлері облыс аумағында мал ұрлығының алдын алу, сондай-ақ бұрын жасалған ұрлықты ашу мақсатында "Мал ұрысы" атты жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.


БҚО полицейлері облыс аумағында мал ұрлығының алдын алу, сондай-ақ бұрын жасалған ұрлықты ашу мақсатында "Мал ұрысы" атты жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Жедел алдын алу шарасы барысында БҚО полиция департаменті 43 мал ұрлығын ашты, оның ішінде 11 қылмыс ізін суытпай ашылды, 19 қылмыс бұрын жасалғандар қатарынан, 13 қылмыс "өткен жылдары жасалған", - деді БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков.

Осылайша, баспасөз қызметінің мәліметінше, БҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының және Жаңақала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері БҚО Жаңақала және Бөкейорда аудандарының аумағында 13 мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен бір топ адамды ұстады.

БҚО полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, мал ұрлығының себептерінің бірі - малды қараусыз қалдыру екені айтылады. Оның себебі көптеген ауылдардың бақташы қызметін төлеуге қабілетсіздігі немесе төлегісі келмейтіндігі болып табылады. Бұл ретте жоғалып кеткен малдың иесі алдымен өздері іздеп, өз бетімен мал таба алмайтынын түсінген соң полицияға жүгінеді. Мал қауіпсіздігін сақтаудың тиімді әдісі - GPS трекер-құрылғы, ол тіпті ауданнан немесе облыстан тыс жерде болса да телефон арқылы олардың қозғалуын қадағалауға көмектеседі.

Толық ақпаратты алу үшін тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция органына жүгінуге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети