05 ақпан 2020 17:29

БҚО-да взвод командирі қамалғаннан кейін екі басшы қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысында патрульдік полицияның взвод командирі ұсталғаннан кейін екі полиция басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында патрульдік полицияның взвод командирі ұсталғаннан кейін екі полиция басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқарма басшысы Кенжебек Құспаев пен оның орынбасары Манарбек Нәжиев тәртіптік комиссияның шешімімен қызметінен босатылды. Оның себебі - полиция батальонының взвод командиріне пара алды деген айып тағылып, қамалғаны. 

"Екі полицей де басшылық қызметінен шеттетуді сұрап, рапорт жазды. Тәртіптік комиссия бұл шешіммен келісті. Құспаев бойынша түпкілікті шешімді ІІМ қабылдайды. Қазір офицерлер резервте тұр. Оларға тек төмен лауазымдағы қызмет ұсынылады. Олар ішкі істер органдарынан шығарылмады", - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін батыс қазақстандық полицейлердің жұмысын облыс әкімі Ғали Есқалиев сынаған болатын. Ол бір ай ішінде полиция қызметкерлері қатарында тәртіп орнатуды тапсырған.

21 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет патрульдік полиция батальонының взвод командирі Мырзалиевті пара алды деген күдікпен ұстап, кейін қамауға алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети