19 қараша 2018 19:34

БҚО-дағы көлде балық жаппай қырылды: Полиция іс қозғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-дағы көлде балықтың жаппай қырылуына байланысты іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БҚО-дағы көлде балықтың жаппай қырылуына байланысты іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тоғанас ауылының маңында балық жаппай қырылып қалған. Миллиондаған балық су қоймасында қатып қалған. Ауыл тұрғындары төтенше жағдай туралы әлеуметтік желіде жариялаған. Төтенше жағдай шлюзге жүргізілген жоспарлы жөндеу жұмыстарының салдарынан болған. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы ("Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының өңірлік ведомствосының қызметкерлері Тоғанас ауылына барды. Оқиға орында атқарушы органдар мен табиғатты қорғау полициясы болды. Бірнеше балық түрінің (ақтабан, мөңке балық, қызылқанат) шабақтары қырылып қалған. 

"Балық қырылып қалған аумақ - 1800 шаршы метр. 900 мыңға жуық балық қырылған. Келтірілген залалды есептейтін арнайы комиссия құрылды. Оны кінәлі тұлғалар өтейтін болады", - деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Қайрат Ибраев. 

Шолаңқаты ауылдық округінің әкімі Тимур Айтқалиев шлюзді нығайту кезінде жөндеу жұмыстарының салдарынан балықтар қырылып қалғанын айтты. 

"Жұмысты мердігер компания атқарды. Су ағызылған. Суда балық болуы мүмкін екенін білдік, алайда мұнша көп болатынын ойламадық. Оның үстіне, су лай болатын. Қазіргі уақытта қатып қалған балықтардан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Тимур Айтқалиев. 

Ауыл тұрғындарының айтуынша, шлюздің арғы бетінде әлі тірі балықтар бар екен. Балықтардың жаппай қырылғаны түсірілген видео таяуда әлеуметтік желіде жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети