Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 323.13
EUR / KZT - 367.08
CNY / KZT - 47.53
RUB / KZT - 5.43

"Благодать" пасторы төрт жылға шартты түрде сотталды

17 Ақпан 2014, 19:07
2
Бақытжан Қашқымбаев. ©Аzattyq.org/Светлана Глушкова
Бақытжан Қашқымбаев. ©Аzattyq.org/Светлана Глушкова
Астанада "Благодать" шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаев төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы аудандық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтемемен.

Бақытжан Қашқымбаев ҚР Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша айыпты деп танылды. "Тұтқындау түріндегі бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу және тиісті тәртіпті сақтау туралы қолхатпен ауыстырылды. Айыпталушыдан жәбірленуші тарап өкілінің пайдасына екі млн теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді", - дейді сот өкілдері. Қашқымбаев төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, оның үш жылы - сынақ мерзімі.

Үкімге сәйкес, 2011 жылдың маусым айында пастор "Благодать" шіркеуіне келуші Ләззат Әлменованың психикасына ұзақ уақыт бойы әрі үздіксіз әсер етіп отырған, бұл жәбірленушінің шизофренияға ұшырауына әкеліп соққан. Мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша сот айыптаудан "Терроризмді немесе экстремизмді насихаттау не көпшілікті терроризм актісін жасауға немесе экстремизмге шақыру" бабын алып тастады.

Еске сала кетейік, 67 жастағы пастор өткен жылдың мамыр айында ұсталған болатын. Астананың 34 жастағы тұрғыны Ләззат Әлменова оның шіркеуіне ұзақ уақыт барғаннан кейін ауруханаға түсіп, оған "параноидты шизофрения" диагнозы қойылды, мұндай ауруға ұшырағандардың өз-өзіне қол салуы мүмкін. Құқық қорғау органдарына Әлменованың туыстары шағымданған, ал жәбірленушінің өзі болса, шіркеуден денсаулығына нұқсан келгенін мойындамайды.



Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай