13 мамыр 2016 14:12

Білім беру гранттарының саны мен құны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім беру гранттарының саны мен құны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім беру гранттарының саны мен құны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және халықаралық әріптестік департаментінің директоры Серік Өмірбаев негізгі көрсеткіштерді атады.

"Гранттардың саны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі бізде биыл өткен жылғы деңгейде қалып отыр, яғни жалпы саны 31 700 грант. Мамандықтар бойынша үлестіру жұмыстарын әлі жасап жатырмыз, себебі ол үкіметтің қаулысы арқылы бекітіледі. Қазір бұл жоба қарастырылу деңгейінде, ол бекітілсе, біз қосымша хабарлаймыз", - деп мәлімдеді ол.

"Білім беру грантының құны биыл өткен жылғы көрсеткіште, яғни орташа статистика бойынша 346 мың. Біз гранттың құнын көтермейміз. Сондықтан білім беру туралы заңға сәйкес, ақылы білім беру гранттың құнының деңгейінде бекітеді, яғни 346 мың теңге және ақылы бөлімдерге құны бекітіліп жатыр. Сонымен қатар, жоғары білім беру мекемелері ереже бойынша жастарды қолдау үшін өз гранттарын бекіте алады. Егер жоғары оқу орны белгілі бір үміткерге қызығушылық танытса, оны өз грантына қабылдайды", - деді Өмірбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети