04 қараша 2014 13:37

Білім беру жүйесі e-learning жобасын енгізуге дайын емес - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева еліміздегі білім беру жүйесі e-learning жобасын енгізуге дайын емес деп есептейді. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ол осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева еліміздегі білім беру жүйесі e-learning жобасын енгізуге дайын емес деп есептейді. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ол осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сіздер өз жүйелеріңізді жасап, оны білім беру жүйесіне енгізуге тырысасыздар, ал бүгінде білім беру жүйесі оған дайын емес. Өйткені олар бұл пәнді институттарда қатар енгізу жөнінде педагогтар даярлайтын жоғары оқу орындарымен келісіп алған жоқ. Бір жағынан, мұғалімдерді электронды жүйені қолдануға міндеттеді. Ал екінші жағынан, олар қағаздан тағы бас тарта алмайды. Себебі министрлік әзірше бұған рұқсат ете қойған жоқ, оның үстіне, моральдық, басқа жағынан дайын емес", - деді депутат.

Сонымен бірге, Назарбаева бағдарламаның атауы мазмұнына сәйкес келмейтінін айтты: "Сіз e-learning деген кезде адамды шатастырасыздар. Өйткені бәрі оқулықтарды, сабақта материалдарды берудің электронды әдісін күтеді. Бірақ сіздер мектеп директорлары, мұғалімдер, журналдар, күнделіктер, оқушылардың үлгерімі туралы айтасыздар, бірақ олардың learning-ке еш қатысы жоқ, яғни бұл - басқару. Басқаша атасаңыздар етті".

"ҰАТ" АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаевтың айтуынша, қазір 1159 мектептің 70 пайыздан астамында мұғалімдер жобаны белсенді түрде қолданып отыр. "Олар кесте жасап, электронды түрде баға қояды, журналмен жұмыс істейді. Жобаның басты міндеттерінің бірі мұғалімдерді оқытумен тікелей байланысты емес қызметтерден босату болды. Сабақты жоспарлауға, білімді тексеруге қатысты көп жоспарлар мен есеп берулер бар екенін білесіздер. Мұғалімдердің 30 пайыздан астамы осы функцияларға уақыт кетіреді. Біз бір оқушыға аптасына орташа алғанда тек бір сағат қана берілетінін есептедік", - деді Еңсебаев.

"Бұл жоба аясында мұғалімдер үшін бастапқы оқыту қарастырылды. Аймақтардағы колл-орталықтар мен біздің қызметкерлер арқылы кеңес беру процесі барысында мұғалімдерді қолдау жөнінде жұмыс тұрақты жүргізіліп тұрады. Әрине, бұл бағытта жұмысты жетілдіру керек, мұғалімдердің ІТ-құзырын тұрақты қолдау үшін қосымша институттарды тарту қажет. Басты мәселелердің бірі - мұғалімдер екі жұмыс істеуге мәжбүр. "ҰАТ"-тың мұғалімдермен жұмыс істеуге толыққанды ықпал етуге өкілеттігі жоқ. Біріншіден, қағазға көшіруді болдырмау жөніндегі ұйымдастыру шараларын қолға алу керек", - деді ол.

Ал Мәжіліс депутаты Мейрам Бегентаев отырыс үзілісі кезінде e-learning бағдарламасы мектеп портфельдерін жеңілдетуге мүмкіндік беретінін айтты. "Керісінше, білім берудің цифрлық технологиялары, ресурстары ауыр оқулықтарды тасып жүрмеуге мүмкіндік береді, ол үшін сапалы интернет, контент қажет. Е-learning идеясының өзі сапалы түрде жұмыс істеген кезде оқушылар оқулықтарды тасымайтын болады деп ойлаймын. Оқушылар үйде өз сыныбы бойынша білім берудің цифрлық ресурсын ашып, қолдана алатын болады. Е-learning идеясының өзі керемет, оның іске асырылуы - басқа әңгіме. Мысалға, менің үш балам бар, біреуі - бесінші сыныпта, екіншісі - екінші сыныпта оқиды, үшіншісі - балабақшаны тәмамдайтын топта. Қызым бірінші сыныпта оқыған кезде оған сөмкені арқалау қиын болды. Өзім мектеп сөмкесін арқалағанмын, бұғанасы қатпаған бала үшін бұл - қиын. Мен бұл бағдарламаны ұға бастаған кезде оның идеясы қатты ұнады. Бұл жұмыстың қағаз нұсқаға көшірілмеуі маңызды, ол мұғалімдердің уақытын алады. Бұл ақпаратты сенімді түрде қорғау мәселесіне көңіл бөлген жөн", - деді Бегентаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети